Жалған арақ пен коньяк әзірлеген Іле тұрғыны ұсталды

7 Шілде 2022, 10:21
1513
Бөлісу:
Жалған арақ пен коньяк әзірлеген Іле тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.

Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді.Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ол. 

Әбділов атағандай, ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. 

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Өзгелердің жаңалығы