Әлеуметтік желілерде елорда әкімінің жалған аккаунттары пайда болды

9 Шілде 2019, 13:18
1941
Бөлісу:
Әлеуметтік желілерде елорда әкімінің жалған аккаунттары пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан елорда әкімінің ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұрайды.

"Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болды. Осыған байланысты, Алтай Көлгіновтің Twitter @AltayKulginov (твиттерге тіркелген уақыты 2017 жылдың қараша айы), Facebook, Іnstagram @altay_kulginov_official әлеуметтік желілерінде ғана тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген таратылған ақпаратта. 

Әкімдіктің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғарыда аталған ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұрайды. 

"Әкімнің атынан басқа аккаунтарда орналастырылған кез келген ақпарат жалған екенін мәлімдейміз. Жалған аккаунтардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты қасақана жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болады", - деп хабарлады әкімдікте.



Өзгелердің жаңалығы