Жалға берілетін тұрғын үй. Астанада жастардан өтінім қабылдау аяқталды

14 Қараша 2023, 08:45
370
Бөлісу:
Жалға берілетін тұрғын үй. Астанада жастардан өтінім қабылдау аяқталды
Фото: Артём Чурсинов

12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Qatysu.zhilfond.kz порталына барлығы 5 623 өтінім түскен.

Сатып алу құқығынсыз арендаға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.

Азаматтардың өтінімдерінің қаралу статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі. Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады, - делінген әкімдік мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы