Жалақымды әлі білмеймін – Саясат Нұрбек

14 Маусым 2022, 13:06
1653
Бөлісу:
Жалақымды әлі білмеймін – Саясат Нұрбек
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Министр енді құрылған ведомствоның жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ қанша жалақы алатынына қатысты тоқталды. 

Мен әлі жалақымның қанша екенін білмеймін, бірінші күн жұмысқа шығып тұрмын. Министрлік әлі заңды тұлға ретінде тіркелген жоқ. Барлығынан басынан бастап, жұмысты жолға қою үшін бір-екі ай уақыт қажет болады. Министрлік құрып, адамдарды жұмысқа алып, іске кірісуіміз керек, - деді Саясат Нұрбек Үкіметтің кулуарында. 

Айтуынша, су жаңа министрліктің жұмысын алға қою үшін 1-2 ай уақыт қажет. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Саясат Нұрбек Кипрде тұрып жатқан отбасын елге қайтаратынын, балаларының оқуы туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы