Жағдайы ауыр. СІМ Таиландтағы отандасымыздың жағдайы туралы айтты

4 Маусым 2023, 13:15
733
Бөлісу:
Жағдайы ауыр. СІМ Таиландтағы отандасымыздың жағдайы туралы айтты
Фото: BAQ.KZ Архив

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландтағы ҚР азаматына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыздың жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Жергілікті биліктердің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан ол теңізге түсіп, көп су жұтып қойды. Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған, - деді Смадияров.

Біздің азаматтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Отандасымызды Таиландтан Қазақстанға санавиация ұшағымен тасымалдау үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет. Ол тай дәрігерлерінің медициналық шешімі негізінде жасалады, - деп айтты СІМ ресми өкілі.

Қазіргі таңда консул бұл мәселемен айналысып жатыр. Құтқарылған жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып келіп, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздер жүргіп жатыр.

СІМ Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының ережелері мен талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеулер кезінде теңізге түспеуді ескертті. Өкінішке орай, бұл - соңғы аптада Таиландта отандастарымызбен болған екінші оқиға.

Өзгелердің жаңалығы