Жағдай тұрақталған соң  ҰҚШҰ-ның біртұтас бітімгерлік контингенті елден толығымен шығарылады – Қарин

10 Қаңтар 2022, 10:30
1164
Бөлісу:
Жағдай тұрақталған соң  ҰҚШҰ-ның біртұтас бітімгерлік контингенті елден толығымен шығарылады – Қарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин telegram арнасында жазды. 

Бірнеше рет айтылғандай, ҰҚШҰ миссиясы тек бітімгершілік мақсатта жұмыс істейді және ол қысқа мерзімге арналған. Жағдай тұрақталғаннан кейін ҰҚШҰ-ның біртұтас бітімгерлік контингенті біздің елден толығымен шығарылады. Бұл ретте ҰҚШҰ күштері барлық аймаққа тартылмайды. Олар өмірлік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін жергілікті деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл - орынды шара. Біз еліміздің әртүрлі аймақтарында бір уақытта радикалдардың тұтас армиясының мұқият жоспарланған және кенеттен жасалған шабуылына тап болдық, - деді Мемлекеттік хатшы. 

Қарин  атағандай, олар елді толығымен тұрақсыздандыруды, оның ішінде стратегиялық инфрақұрылым нысандарына ашық шабуыл жасауды көздеді. 

Мұндай жағдайда мемлекет ондаған, жүздеген мың азаматтарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре алмады. ҰҚШҰ бітімгершілік континентінің берілуі қажетті ресурстарды босатуға және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы терроризмге қарсы операцияға арнайы жасақтарды тартуға мүмкіндік берді.Терроризмге қарсы операцияның өзінде тек қазақстандық арнайы жасақ «Арыстан», «Арлан», «Бүркіт», сондай-ақ лаңкестік топтар мен қарақшы құрамаларды тазартатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің күштері ғана қатысуда.Сондықтан ҰҚШҰ бітімгерлік контингентін тарту туралы шешім ең алдымен Қазақстанның егемендігін қорғау мен тұтастығын нығайтуға бағытталған, – деді Ерлан Қарин.

Өзгелердің жаңалығы