"Жағдай өте ауыр": Ливанда референдум учаскесі болмайды

1 Қазан 2024, 17:25
571
Бөлісу:
"Жағдай өте ауыр": Ливанда референдум учаскесі болмайды
Фото: Арман Мухатов -архив

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумға байланысты 62 шет мемлекетте 74 учаске құрылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірақ Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Ливан мемлекетінде учаске болмайтынын айтты.

Бүгін ғана Сыртқы істер министрлігімен кеңестік. Әріптестерімізден Ливандағы 1 учаске жабық болатыны жөнінде ақпарат келді. Өйткені ол елде кең ауқымды әскери қақтығыстар жүріп жатқанын білесіздер. Онда жағдай өте ауыр. Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Сондықтан 61 елде 73 учаске болады. Онда учаскелік комиссиялар құрылады. Олар заңға сәйкес қызметін жүзеге асырады, - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы.

Еске салайық, Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Референдумға 177 шетелдік байқаушы қатысады және қанша шетелдік журналист қатысатынын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы