Жағдай нашар. Ринат Зайытов Абай облысындағы жағдай туралы айтты

14 Маусым 2023, 13:29
3474
Бөлісу:
Жағдай нашар. Ринат Зайытов Абай облысындағы жағдай туралы айтты
Фото: BAQ.KZ Архив

Депутат Ринат Зайытов Абай облысындағы алапат өртке қатысы барлар тергелуі керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат орман өрті бойынша нақты фактілерге қолға түскен соң барлық жауапты тұлғаны жауап беруге шақыру керегін айтты.

Абай облысындағы дәл қазіргі жағдайды көзімен көрген Зайытов ондағы жағдай нашар екенін жеткізді.

Қазір облыста күрес жүріп жатыр. Алдымен отты тоқтатып алу керек. Одан кейін сұрайтын адамдарымыз да, қоятын сұрақтарымыз да көп. Жағдай нашарлау. Себебі әлі оттың алдын ала алмай жатыр. Бәрі жаңбыр күтіп отыр. Басқалай әрекет жасайын десе, техникамен толықтай қамтамасыз етілмеген. Тіпті 14 орманшы өрттің жағдайын білмеген. Өйткені оларда не дрон жоқ, не тиісті құрал жоқ, жалаң қол барып, содан қаза тауып отыр, - деді Ринат Зайытов.

Депутат Абай облысындағы жағдай көп зерттеуді қажет ететінін айтты. Сөзінше, оның саяси себеп-салдарын анықтау қажет.

14 адамның қанымен осындай жағдайға келіп отырғанымыз, әрине, өкінішті, - деп айтты депутат Мәжілістің кулуарында.

Өзгелердің жаңалығы