"Жағдай ерекше бақылауда". ТЖМ Ақтөбе облысы жөнінде айтты

6 Мамыр 2024, 10:44
214
Бөлісу:
"Жағдай ерекше бақылауда". ТЖМ Ақтөбе облысы жөнінде айтты
Фото: Видеодан кадр

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты.

Торғай өзені су деңгейі көтеріліп жатқанына байланысты ұзындығы 2,5 км бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мыңнан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда, - деді ол.

Ал Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғастырылуда. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы