"Жабық есіктің артындағы сұмдық": Семейде 90 жастағы әже күтушісінен таяқ жеді

Семей тұрғыны бейнебақылау камераларын тексеріп, күтушінің әрекетінен шошынды.

Бүгiн 2026, 11:17
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 11:17
Бүгiн 2026, 11:17
233
Фото: видеодан скриншот

Семей тұрғыны әлеуметтік желіде күтушінің әжесіне қалай қарағанын айтып берді.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода күтуші әйел әжеге айқайлап, оған қол көтергені көрінеді.

Семей тұрғынының айтуынша, әжесі 91 жаста. Ол төсек тартып жатыр және өздігінен ештеңе істей алмайтын дәрменсіз күйде.

Немересі бос уақытының бәрін әжесінің қасында өткізетінін, ал жұмыс уақытында күтуші жалдайтынын айтқан. Жақында ол күтушінің әжесіне қалай қарап жүргенін көру үшін бейнебақылау камераларының жазбасын қараған.  Сол кезде күтушінің әрекетінен оның зәресі ұшқан. 

Алдымен асүйден: "Қазір тағы бір ұрамын", "Аузыңды аш деймін" деген дөрекі айқайды естідім. Екінші сөйлем кезінде адамның денесіне сарт еткізіп ұрғандай қатты дыбыс шықты. Асүйден оралған соң әжем астына жіберіп қойыпты. Күтуші көмектесудің орнына оны жұлқылап, сілкілеп, бетінен ұрып, ұрыса бастады, - деп жазды жариялым авторы.

скриншот

Содан кейін, оның айтуынша, күтуші әжесіне мүлдем жоламай, екі сағаттай ештеңе болмағандай жайбарақат теледидар көріп отырған.

Осы уақыт бойы әжем кір памперспен жатқан. Ең қорқыныштысы - мен бұл адамға сендім. Бұған дейін оның жақсы күтім жасағанының талай үлгісін көргендіктен, жабық есіктің артында мұндай сұмдық болып жатыр деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Әжемді қауіпсіздікте деп нық сенімді болған едім, - дейді немересі.

Соңында ол полиция шақыртып, видеоны көрсетіп, арыз жазған. Бірақ оған күтушіні жауапкершілікке тарту қиынға соғуы мүмкін екенін түсіндірген.

Кейінірек, қалған жазбаларды қарап шыққан соң, әйел бұған дейін өзі білмей келген басқа да жайттарды анықтаған. Күтуші жұмыс уақытында үнемі душқа түсіп, пәтердегі шкафтардың ішін тінтіп, қарап жүргені анықталған.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметі қарт әйелге дөрекілік таныту туралы жарияланым фактісі бойынша тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

Тексеру барысында қарт әйелді күтіп-баққан азаматша анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Істі қарау нәтижесі бойынша оның әрекеттерінен заңнамада көзделген балағаттау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері байқалады. Аталған құқық бұзушылық жеке айыптау істері санаттарына жатады. Осыған байланысты жәбірленуші тарапқа кінәлі тұлғаны заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту үшін сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді, - деді ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты полиция түсініктеме берді

Тағы оқи отырыңыздар: 

Жетісуда полицейлерді ұрған тұрғын түрмеге түсті

Мұғалімге қол көтерген оқушы жауапқа тартылады – министр

Ақтаудағы түзету орталығы балаларды ұрып-соғу фактісінен кейін жабылды

Наверх