Қытайдағы көшкін: 9 адам үйінді астынан шығарылды

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

 Wang Ruiping/XinHua/Global Look Press 18 Шілде 2026, 08:11
18 Шілде 2026, 08:11
236
Фото: Wang Ruiping/XinHua/Global Look Press

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин провинциясында болған көшкін салдарынан бірнеше адам үйінді астында қалып, құтқару операциясы жүргізілді.

CGTN телеарнасының хабарлауынша, көшкіннің болғанын жергілікті билік растады.

Құтқарушылар үйінді астынан 9 адамды аман алып шығып, оларды ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Табиғи апат салдарынан тұрғын үйлерге де зақым келген. Билік келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда лай көшкінінен 21 адам қаза тапқанын жазған едік.

Наверх