Жабайы капитализм мен монополиялар дәуірін тоқтататын кез келді – Перуашев

19 Қаңтар 2022, 15:00
2419
Бөлісу:
Жабайы капитализм мен монополиялар дәуірін тоқтататын кез келді – Перуашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жабайы капитализм мен монополиялар дәуірін тоқтататын кез келді, өркениетті нарыққа көшу керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантаровқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Бүгіннен бастап аймақтардағы төтенше жағдай аяқталды, ел бейбіт өмірге қайта оралды. Бірақ болған оқиғалар жинақталған проблемаларды, ең алдымен байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтықты көрсетті. Кедейлікті азайтудың маңызды құралы – әрбір қазақстандық отбасы ұлттық табысты қайта бөлуге қатыса алатын жаппай кәсіпкерлік болуы тиіс, - деп атап өтті депутат.

Оның сөзінше, мұның негізгі факторлары – адал бәсекелестік, сыбайлас жемқорлықтан қорғау және салық салу. Алайда, өкінішке қарай, соңғы жылдары салық салуда біз, керісінше, күрделену тенденциясын және «қиындатуды» байқаудамыз.

Шамадан тыс есеп беру, шоттарға тыйым салу, кеше сәтті жұмыс істеген кәсіпорындарды банкроттыққа жеткізу, кәсіпкерлерді қорқыту іскерлік климатқа қауіп төндіреді. Осы шараларға банк карточкаларынан төлемдерді жаппай бақылау да жатады. Инфляциялық процестермен бірге ҚҚС шегінің төмендеуі жақын болашақта ҚҚС төлеушілерге, шағын бизнес иелерін, тіпті көкөніс саудагерлеріне дейін, сөзсіз шығындар мен бюрократияға алып келеді. Яғни, іс жүзінде бизнеспен айналысу одан да қиын әрі қауіпті болады, - дейді Перуашев.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары Президент Тоқаевтың олигархтар табысын халықпен бөлісуі керек деген тапсырмасын қолдайтындарын айтты. Деолигархизация Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болуы тиіс. 

Жабайы капитализм мен монополиялар дәуірін тоқтататын кез келді, өркениетті нарыққа көшу керек. Бірақ құрметті шенеуніктер, шағын бизнесті салық қысымына ұшырату арқылы олигархтарды таппайсыздар. Бұл адамдар бюджеттен ештеңе ұрлаған жоқ, оффшорларда яхталар мен жеке ұшақтарды жасырмайды. Мыңдаған кәсіпкерді қорқытып, барлық азаматтың карталарынан жасалған транзакцияларын бақылаудың орнына миллиардтарды ұрлайтындармен айналысқан дұрыс шығар? – деп айтты ол.

Азат Перуашев жаппай кәсіпкерлік қағазда қалмай, шындыққа айналуы үшін шағын бизнеске кассалық салық салудан және ҚҚС шегін төмендетуден бас тарту керек және оны барлық жерде жүктелген салық салумен, яғни патенттермен ауыстыру қажет екенін сөз етті.

Салық органдары бір жыл ішінде кафе немесе шеберхана қанша төлеуі керек екенін тағайындаған кезде, кәсіпкер мемлекеттен мұндай патентті сатып алады да, содан кейін ешкім бұл бизнеске қол тигізбейді, оны тексерулерімен, есептерімен және айыппұлдарымен қайтармайды, кассалық чектерді ашық деректермен тексермейді. Егер біреу онда қосымша 5 немесе 500 теңге табатын болса, бұл маңызды емес. Осылайша, миллиондаған адамдар тыныш және бюрократиясыз өз ісін ашып, отбасын асырап, басқаларға жұмыс бере алады. Кедейлікті азайту деген осы, - дейді мәжілісмен.

Өзгелердің жаңалығы