Жаңаөзенде 2 жеткіншек газдан уланып көз жұмды, біреуі комада

25 Қараша 2019, 18:40
7448
Бөлісу:
Жаңаөзенде 2 жеткіншек газдан уланып көз жұмды, біреуі комада

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 24 қараша күні болған. Кәмелеттік жасқа толмаған мейрамхана қызметкерлері газдан уланып қаза тапқан. 

Тағы бір жеткіншек ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде мәлімдегендей, қаза болған 14 жастағы бала – оқушы, ал 16 жастағы бала – колледж студенті болған. Сол мейрамханада жұмыс істеген. 

Тағы бір зардап шеккен 2003 жылғы бала комада жатыр. Бүгін есін жию керек, - деді Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде. 
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы сараптамадан кейін белгілі болады, - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.



Өзгелердің жаңалығы