Жүрегі үлкен қаршадай қыз. Желіде тараған видео жұрттың жүрегін елжіретті

28 Ақпан 2020, 10:16
12052
Бөлісу:
Жүрегі үлкен қаршадай қыз. Желіде тараған видео жұрттың жүрегін елжіретті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде жүректерді елжірететін видео пайда болды.

Видеоны Lada.kz сайты жариялаған екен. Соған қарағанда оқиға Ақтау қаласында болған көрінеді.

Видеода көріп тұрғанымыздай қаршадай қыз, сөмкесін жерге қоя салып, ішіндегі әмиянынан барлық тиындарын алып жатқанын байқауға болады. Ақшасын алып, әмиянын салып, ауыр сөмкесін қолына алып, қайыр тілеп тұрған атаға барып ақшасын береді.

Оқырмандар, "Бірнеше жылдағы көрген жүректі елжіреткен видео", "Жүрегі үлкен кіп-кішкентай адам" деп жылы пікірлер қалдырып жатқандар да бар.


Өзгелердің жаңалығы