Жәрдемақы алу үшін бір құшақ қағаз жинайды - Сапарбаев

5 Наурыз 2019, 16:25
3600
Бөлісу:
Жәрдемақы алу үшін бір құшақ қағаз жинайды - Сапарбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттен жәрдемақы алу үшін қағаздарды азайту процесі қалай жүргізілетінін айтты.

Бұл туралы ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

"Президенттің бюрократияны азайту деген тапсырмасы бар. Қазір отбасылар осындай атаулы көмекті тағайындау үшін ары-бері бір құшақ қағаз жинап жүреді. Соны азайту мақсатында  бізде ақпараттық жүйемен жұмыс істейді. Ол - жұмыспен қамту орталықтары, ауылдардың, аудандардың, қаладардың әкімшіліктері. Егер ол азаматтың құжаттары жетпей жатса  сол құжаттарды беретін мемлекеттік органдардан мәліметтерді алып оларға тағайындайтын болады", - деді Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев осыған дейін әр балаға 21 мың теңге қалай төленетіні туралы айтқан еді. Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 1 шілдеден бастап болжам бойынша бір миллион қазақстандықтың жалақысы көтерілетінін айтты.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы