Сапарбаев әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді

5 Наурыз 2019, 16:02
5914
Бөлісу:
Сапарбаев әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
 

Астана,  BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен берілетін көмек туралы баяндады. Бұл туралы ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

"Бүгінде әлеуметтік атаулы көмек деген бар. Төленетін оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Қазіргі таңда көп көтеріліп жүрген сұрақтардың бірі осы төменгі күнкөріс деңгейін көбейту. Осы уақытқа дейін 14849 теңге болса, қазір ол 20789 теңгеге көбейеді. Бұл көмекті 570 мың адам алып отырса, енді ол көмекті ең кемінде 830 мың алады", - деді Бердібек Сапарбаев

Министр 4 баласы бар ана қанша алатынын есептеп берді. 

"Қазір ол кісі 60740 теңге алса, жоғарылауға байланысты 103945 теңге алатын болады.  Егер ол кісілердің табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса қосымша тағы да жәрдемақы алады, яғни ол кісілерлің табысы 114 449 теңге болады. Отбасылардың табысын есептейтін кезде кейбір жәрдемақыларды есептемеу, көріп отырсыздар, алынатын жәрдемақылар шегеріліп тасталады. Бұған қосымша "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелері мен мүгедек балаларға алатын жәрдемақы, стипендия осы табыстан шегерілетін болады. Жалпы осы атаулы әлеуметтік көмектің төленуі қазіргі таңда бір балаға 4834 теңге болса, енді ай сайын әрбір балаға 20789 теңге төленеді.  Отбасында балалар оқитын болса оқу бітіргенше, 23 жасқа дейін оларға да осындай жәрдемақы төленеді", - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Осыған дейін Бердібек Сапарбаев 1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы көтерілетіні туралы айтқан еді. 
Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы