Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі ресми хабарланды

6 Наурыз 2020, 20:29
1211
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі ресми хабарланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Канада елінде өтетін жекпе-жегінің ресми анонсы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 28 наурыз күні американдық Дмитриус Баллардқа қарсы рингке шығуы керек еді, бірақ Golden Boy Promotions өкілі белгісіз себептермен бұл жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына Жәнібек Әлімханұлы ганалық боксшы Исса Самирмен (18-0, 15 KO) жұдырықтасады.

Исса Самир кәсіби деңгейде 18 жекпе-жек өткізді, оның 15-і нокаутпен аяқталып, 3 кездесуін төрешілер шешімімен жеңген. Бүгін Top Rank промоутерлік компаниясы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы