Жұмыспен қамту жоспары 130 пайызға орындалды – Сапарбаев

18 Тамыз 2020, 09:31
1262
Бөлісу:
Жұмыспен қамту жоспары 130 пайызға орындалды – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн өткен Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі жұмыспен қамтудың ахуалы туралы айтып берді. 

Өңір бойынша жұмыспен қамту шараларымен 44 мыңнан астам адам қамтылды. Оның ішінде 37 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Жаңа жұмыс орнын ашу жоспары 20 мың болатын, оның орындалғаны 26 мың. Яғни, жоспар 130 пайызға орындалды. Оның ішіндегі 63 пайызы тұрақты жұмыс орындары болып отыр, - деді Сапарбаев. 

Әкім айтып өткендей, жұмысқа орналасқандардың ішінде 45 пайызы жұмыссыз, 55 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болған. 

"Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 17 млрд теңге бөлінген болатын. Осы қаржының нәтижесінде 30 мыңнан астам адам осы бағдарламаға мүше болды. Несие, грант беру, әлеуметтік жұмысқа орналасу, жастар практикасы, оқытуға байланысты жоспар орындалды. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру негізінде 9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды, - деді ол. 
Сапарбаев "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясындағы жұмыстар туралы айтып берді. 
"Жол картасы" негізінде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бағдарлама аясында жұмыссыздар саны 4,8 пайыздан асқан жоқ. Яғни, республикалық көрсеткіштен төмен. Негізгі біздің міндетіміз – жұмыссыздар санын көбейтпеу, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы