Жұмада еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

6 Қыркүйек 2019, 08:17
1681
Бөлісу:
Жұмада еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада, 6 қыркүйекте оңтүстік циклонның өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерде жаңбыр жауып, найзағай, дауыл күтіледі, жел күшейіп дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал, батыста және солтүстікте тұман күтіледі, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік Қазақтан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейюі күтіледі, кей жерде тұман, дауыл күтіледі. Ақмола, Қостанай, Алматы, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола және Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы