Зейнолла Ыдырысов гимнастикадан әлем чемпионатында қола медаль еншіледі

2 Сәуір 2023, 17:03
1232
Бөлісу:
Зейнолла Ыдырысов гимнастикадан әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
Фото: flickr

Бұл жасөспірімдер арасындағы алғашқы жүлде, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

29 наурыз - 2 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтуде.

Екінші күн қорытындысы бойынша, Зейнолла ат снарядында 14.066 ұпаймен тек армениялық спортшыларға есе жіберіп, қола жүлде иегері атанды.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның гимнастика тарихындағы жасөспірімдер арасында алғашқы медалі.

Гамлет Манукян 🇦🇲 14,633
Мамикон Хачатурян 🇦🇲 14 100
Зейнолла Ыдырысов 🇰🇿 14 066

Өзгелердің жаңалығы