Зейнеткер: Сайлаудан қалған емеспін

19 Наурыз 2023, 13:10
892
Бөлісу:
Зейнеткер: Сайлаудан қалған емеспін
Фото: автордан

Көкшетау қаласының сайлау учаскелерінде де дауыс беру қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Таңнан бастап сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй орнап, қала тұрғындары үшін Наурыз мерекесіне орай дәмді бауырсақ пен ыстық  шай қойылған дастархан жайылды.

Зейнеткер: Сайлаудан қалған емеспін

N10 сайлау учаскесінің хатшысы Әсел Шайкенованың айтуынша, сайлаушылар тізімі 2 323 адамды құрайды. 

Сайлау барысын байқауға "Ауыл", "Аманат", "Қазақстан Халық партиясы", “Дауыс" байқаушылар партиясының, БАҚ, Еуразиялық интеграция институты, "Жастар үні" ҚБ өкілдері және депутаттыққа кандидаттың бір сенімді адамы келді. Барлығы штаттық режимде өтуде. Таңертеңнен округ халқы жақсы белсенділік көрсетуде, - деп атап өтті комиссия хатшысы. 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих және дінтану факультетінің 1-курс студенті Әділ Айтбай қазіргі сайлауда саяси ерік-жігеріңді көрсету мүмкіндігі мол екендігін айтады. Комиссия мүшелері сайлауда алғаш таңдау жасаған студентке естелік сыйлық тапсырды.

Зейнеткер: Сайлаудан қалған емеспін

Ол бұл күн ерекше есте қалар сәт екенін жеткізді. 

Мемлекетте болып жатқан маңызды оқиғалардан тыс қалуға болмайды деп санаймын. Өйткені халқымыздың салт-дәстүрлерін жалғастырып, өмір сүруіміз, мемлекетті экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамытуымыз, Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтуымыз керек, - деп пікір білдірді студент.

Жастармен қатар аға буын өкілдері де сайлауда белсенділік танытуда.

Зейнеткер Валентина Правда өмірінде бірде-бір сайлауды жіберіп алмағанын айтады.

Жасым 71-де. Жұбайымен бірге денсаулық сақтау жүйесінде 40 жыл еңбек еттік. Өзім облыстық балалар ауруханасында, жұбайым жедел жәрдемде станциясында жұмыс атқардық. Сайлаудан қалған емеспін, әрқашан дауыс беруге келемін. Елдің бүгіні мен болашағы, оның азаматтарының әл-ауқаты әр адамның дауысына байланысты екенін жақсы білемін, - дейді зейнеткер.

40 жылдан астам білім беру жүйесінде жұмыс істеген 73 жастағы қала тұрғыны Күнсұлу Ақынова да өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірді. 

Зейнеткер: Сайлаудан қалған емеспін

Біз, аға буын, жауапкершілікке тәрбиеленгенбіз. Ел үшін маңызды шарадан сырт қалмау керек. Саяси жетілуді көрсету керек деп санаймын. Өйткені біз мемлекетіміздің және өскелең ұрпақтың тұрақты дамуы туралы айтып отырмыз. Халықтың сөзін сөйлейтін саяси сауатты, мықты тұлғалар билікке келеріне сенемін, - дейді зейнеткер.

"Аманат" партиясының бақылаушысы Александра Браун дауыс беру штаттық режимде және барлық заңнамалық нормаларды сақтай отырып өтетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы