Зейнетақының бір бөлігін пайдалану мерзімі 20 күнге қысқарды

14 Желтоқсан 2021, 20:20
2286
Бөлісу:
Зейнетақының бір бөлігін пайдалану мерзімі 20 күнге қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) депозиттеріне аударып үлгереді. 

 

16 желтоқсанынан бастап «Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру» батырмасы жұмыс істейді

Бұл тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) қолдану ережелеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін мүмкін болып отыр. Бұл алдағы аптада іске асады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Отбасы Банк 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап «Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру» батырмасы жұмыс істеуі үшін www.enpf-otbasy.kz порталын пысықтауда.

Жарамды депозит бар болып, арнайы ағымдағы шот жоқ болған жағдайда не істеу керек

Жаңа қызметті пайдалану үшін бірнеше қадам орындау қажет. ЭЦҚ арқылы www.enpf-otbasy.kz платформасына өтіп, жеке кабинетте, депозит пен арнайы ағымдағы шоттың бар-жоғын тексеру керек. Жарамды депозит бар болып, арнайы ағымдағы шот жоқ болған жағдайда, платформадағы өтінімге қол қою керек, сонда автоматты түрде арнайы ағымдағы шот ашылады. Ал депозит жоқ болса, оны Отбасы банкінен алдын-ала ашып қою қажет. 

Осы әрекеттер орындалғаннан кейін, www.enpf-otbasy.kz порталында өтініш қалыптасып, БЖЗҚ-ға жіберіледі. БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарастырып, БЗТ Отбасы банкіндегі арнайы ағымдағы шотқа аударады. Сол жерден қаражат депозитке түседі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында біз азаматтарымызға көптен күткен сүйінші жаңалықты қуана хабарлағымыз келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орындалды, енді қазақстандықтар Отбасы банкіндегі шоттарына жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудара алады. Бұл оларға алғашқы жарнаны тиімді түрде жинап, жақын арада қоныс тойын өз үйлерінде тойлауға көмектеседі. Ең бастысы, бұл мүмкіндікті жастарымыз қолдана алады. Қазір зейнетақы жинақтарын алып жатырған 18-25 жас аралығындағы азаматтарымыздың үлес салмағы небәрі бес-ақ пайыз. Жасы мен үлкен жұмыс өтілінің жоқтығына байланысты олардың жинақтары жеткіліксіз, алайда дәл осы жастарымыз үшін баспана мәселесі өте өткір тұр. Жаңа мүмкіндік осы мәселені шешуге арналған, – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

БЗТ қосылған депозиттерге ТҚЖ стандартты шарттары қолданылатын болады

БЗТ түскен депозиттер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің стандартты шарттарына бағынатын болады. Яғни, жинақ шоттарына 2% банк сыйақысы мен 20% мемлекеттік сыйлықақы (200 АЕК-тен аспайтын бір жылдық жинақ сомасына) есептелетін болады.

Тұрғын үйді 3 жыл ішінде сатып алу қажет болады

3 жылдың ішінде Отбасы банк депозитінің көмегімен, оған аударылған БЗТ-ны қолдана отырып баспана алу үшін тұрғын үй, аралық немесе алдын ала заем рәсімдеу қажет. Егер банк клиенті бұл аралықта зейнетақының артық қаражатын пайдаланып үлгермесе, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады. 

Неге тыйым салынады

Депозитті жауып, зейнетақы төлемдерін алу мүмкін болмайды. Шот жабылған жағдайда, қаражат БЖЗҚ-ға қайта аударылады.

Мұндай депозит туыстарға табысталған жағдайда да, банк шотындағы БЗТ қаражаты зейнетақы қорына қайтарылады.

Депозитті бөлген жағдайда, азаматтарымыз жеке жинақтаған қаражаттарын ғана алуға құқылы.

БЗТ белгісі бар депозиттер бір салымшыға тиесілі болған жағдайда біріктіруге рұқсат етіледі.

Интернет-банкингте БЗТ белгісі бар депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды сондай-ақ үшінші тараптың кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.

Отбасы банкіндегі БЗТ белгісі бар депозиттердегі қаражатты салымшының басқа қарыздық міндеттемелері бойынша өндіріп алу мүмкін болмайды.

Депозитті қандай мақсаттарға пайдалануға болады

Зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банк депозиттерін келесі мақсаттарға пайдалануға болады:

- тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінен заем алу (оның ішінде бір банктік несие шарты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу);

- Отбасы банкінде заемды қайта қаржыландыру;

- жеке тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыру мүмкіндігінен бөлек, Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері БЗТ көмегімен бөлек жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.

20 күнге қысқарды 

Тағы бір өзгеріс БЗТ пайдалану мақсаттарын растау мерзіміне қатысты. Ол 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін өзгертілді.

Егер қазіргі уақытта www.enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланушылар басқа мақсат таңдаған болса, онда оны жаңа мақсатқа оңай өзгертуге болады.

Еске сала кетейік, демалыс күндері (16,17,18,19 желтоқсан) платформа қолданушылардың өтініштерін қабылдайтын болады, алайда бұл өтініштер БЖЗҚ тек 2021 жылдың 20 желтоқсанында жөнелтіледі. 

 

Өзгелердің жаңалығы