Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң қалай дайындалды?

17 Ақпан 2023, 19:22
865
Бөлісу:
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң қалай дайындалды?
Фото: Фото: aikyn.kz

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Жоғары құқық мектебінің деканы Ольга Бектібаева "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының оқылуын арттыру бойынша пилоттық жобаның аралық нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ольга Бектібаева "Readability of Legal Acts» («Құқықтық актілердің оқылуы») жобасы аясында кез келген кәмелетке толған Қазақстан азаматы түсінуі үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңды неғұрлым қолжетімді тілде қайта жазып көруді жөн көрген.

Құқық Жоғары мектебінің деканы пилоттық жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері мен нәтижелерімен бөлісіп, заңды қол жетімді тілде қалай жазуға болатындығы туралы айтып берді.

Жалпы заңның оқылымын бағалау әдістемесінде 25-тен астам сөзден тұратын сөйлемдер қабылдау үшін өте күрделі. Біздің зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңымызда сөйлемнің орташа ұзындығы 32 сөзден тұрады! Яғни, заң мәтініндегі сөйлемдердің абсолютті көпшілігі соншалықты күрделі, олар дұрыс қабылдау үшін оқырманның ғылыми дәрежесін талап етеді. Бұл ретте орта білімі бар адам үшін (ал Қазақстанда бұл әрбір білім деңгейіне кепілдік берілген жалғыз деңгей) дұрыс түсіну үшін сөйлемнің орташа ұзындығы 13 сөзден аспайтын мәтіндер қолайлы болып есептеледі. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда бұл көрсеткіш 2,5 еседен асты", - деді Құқық Жоғары мектебінің деканы.

Пилоттық жобаның тұсаукесеріне Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Дархан Игембаев қатысып, жобаға қызығушылық танытты және оны басқа нормативті-құқықтық актілерге де қолдану үшін пилотты іске асыруда серіктестік ниетін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы