Зейнетақы жинағын алу шегі өзгереді

Ұлттық банк бұл шара азаматтарды болашақта, зейнетке шыққанда, қорғауға көмектеседі деп есептейді.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 12:23
Бүгiн 2026, 12:23
133
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстан Ұлттық банкі зейнетақы жинақтарын алу шектерін арттыру туралы ұсынысты қолдайды. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев та бұл шектерді көтеру қажеттігін айтқан болатын.

Қазір зейнетақы қорынан қаражат алу шектері Ұлттық банк, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан талқыланып жатыр. Біздің ұсыныстар әзірлену үстінде. Олар нақты қалыптасқан кезде сіздермен бөлісеміз. Бірақ негізгі ұстаным – біз шектерді көтеру идеясын қолдаймыз. Бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырып, азаматтарды зейнет жасына шыққанда қорғауға мүмкіндік береді, – деді Әлия Молдабекова.

Еске салайық, бұған дейін БЖЗҚ халыққа маңызды ескерту жасады.

Наверх