Зейнетақы қорындағы қаржыны «Отбасы банкінің» депозитіне аударуға қатысты 3 факті

22 Желтоқсан 2021, 12:02
1180
Бөлісу:
Зейнетақы қорындағы қаржыны «Отбасы банкінің» депозитіне аударуға қатысты 3 факті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 желтоқсанында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы» бұйрығына сәйкес ережеге енгізілген өзгерістер бекітілді. 

Осыған орай азаматтарды қызықтырған сұрақтарға талдау жасап, жауаптар дайындадық. Бүгін біз сол сауалдардың біріне жауап береміз. 

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкінің» депозитіне аудару кезінде қандай шарттар сақталуы тиіс? Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін «Отбасы банкінің» шоттарына аудару бойынша норма көзделген. Мақсат - тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинақтау. 

1. Алушы өз салымын үш жылдың ішінде пайдалануы керек. 

2. Алушы зейнетақы қаражатын жинақтау мерзімі бар, бұрын ашылған салымға аударуға құқылы.

 3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы