Зейнетақы мен жәрдемақы уақытымен төленіп жатыр - Еңбекмині

7 Қаңтар 2022, 13:27
856
Бөлісу:
Зейнетақы мен жәрдемақы уақытымен төленіп жатыр - Еңбекмині

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов зейнетақы төлеу, мүгедектік бойынша жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек туралы айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз міндеттерін толық атқарып жатыр. Бүгінгі күні зейнетақы, жәрдемақы толығымен уақытымен төленіп жатыр. Қазіргі тағда 174 млрд теңге азаматтарымыздың шотына аударылды, - деді министр.

Оның сөзінше, мүгедектігі бар азаматтарға төтенше жағдай кезінде қайта куәландыру уақыты келген жағдайда мүгедектігі автоматты түрде созылады.

Өзгелердің жаңалығы