Зейнет жасындағы алматылықтар жұмысқа орналастырылады

29 Наурыз 2024, 10:53
11821
Бөлісу:
Зейнет жасындағы алматылықтар жұмысқа орналастырылады
Фото: Тікелей эфирден скриншот

Бұл туралы Алматы қаласы мәслихаттың кезекті XV сессиясында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сессия барысында Алматы қаласының Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков пилоттық режимде "Алтын жас" жобасы іске қосылатынын айтты.

Қала әкімдігі түрлі буын өкілдеріне жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді. Зейнет жасындағы алматылықтарды жұмысқа орналастыру үшін алғаш рет "Алтын жас" пилоттық жобасы іске асырылады. Осы жоба шеңберінде зейнет жасындағы 500-ге жуық адам өздерінің әлеуметтік белсенділігін қолдау үшін еңбек қызметіне тартылатын болады. Бұл мақсаттарға 2024 жылы 382,5 млн теңге бөлінеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы