Зерттелген ойыншықтардың 60% – қауіпті

9 Тамыз 2019, 14:11
1701
Бөлісу:
Зерттелген ойыншықтардың 60% – қауіпті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық  коммуникациялар қызметінде өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі басқармасы өткізген 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыс нәтижесін қорытындылаған кезде айтылды. 


2019 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған бұзушылықтар деректері бойынша мыңнан астам есептік жазылымдар беріліп, 38 млн теңгеден көп сомада айыппұлдар салынды.

"Сарапшылар 1556 ойыншық үлгісін зерттеді. Нәтижесінде 916-дан астам ойыншық балалар денсаулығына қауіпті болып шықты, яғни зерттелген ойыншықтың 60%-ы қауіпті", - дейді ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК төрайымы Людмила Бюрабекова.

Ойыншықтардың басым бөлігі (73,2%) Қытай мен Түркиядан (26,4%) әкелінген. Сатылымнан 332 келі ойыншық алынып тасталды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті Елбасының 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы бойынша құрылған.

"Комитет қызметі бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы бұзушулықтарға жол бермеу, еліміздің азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатындағы алдын алу іс-шараларына бағытталған", - дейді Людмила Бюрабекова.


Өзгелердің жаңалығы