"Зерен-2019" жастарға білім беру лагерінің 3-кезеңіне өтініш қабылданып жатыр

28 Маусым 2019, 09:20
2240
Бөлісу:
"Зерен-2019" жастарға білім беру лагерінің 3-кезеңіне өтініш қабылданып жатыр


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 3 шілдесінде «Зерен-2019» Республикалық  жастарға білім беру жазғы лагері жұмысын бастайды. 1-ші және 2-кезеңге іріктеу аяқталды, қазір 3-кезеңге өтініш қабылданып жатыр, өтініш 30 маусымға дейін қабылданады.


Лагерь ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жоба Жол картасы аясында Қазақстандағы Жастар жылын өткізу бойынша жүзеге асырылуда.

Мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде іске асыру.

«Зерен-2019» жастардың өзін-өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. 18 бен 29 жас аралығындағы әрбір адам лагерьге қатысуға өтініш беріп, өз мүмкіндігін сынап көре алады. Қатысушылар өз идеясын жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізеді немесе лагерь тәлімгерлерінің жетекшілігімен мүлде жаңа жоба жасай алады, - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы ісі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

Қатысушылар білім алатын негізгі бағыттар: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа салалары.

Қатысушылар 9 күн бойы қарқынды білім алып, Қазақстанның және шетелдің үздік спикерлері мен бизнес-тәлімгерлерінен тәлім алады. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, табысты кәсіпкерлер, сарапшылар және басқа да көрнекті тұлғалар бар. Олардың әрқайсысы өздерінің жетістікке жеткен құпияларымен бөліседі; өздерін не ынталандыратынын және үнемі жетіліп отыруға өзіңді қалай жігерлендіруге болатынын айтып береді.

Үміткерлердің өтініштері Қазақстан мен ТМД-ның (әр елден 5 адамнан) әр елінен қабылданады. Іріктеу 2019 жылдың 27 мамыр мен 30 маусым аралығында www.zerencamp.kz сайтында өтеді. Қазір «Зерен-2019» лагеріне қатысуға 1000-нан астам өтініш келіп  түсті.  1-ші және 2-кезеңге іріктеу аяқталды, қазір 3- кезеңге өтініш қабылданып жатыр. Әр аймақта іріктеу комиссиясы құрылған, олар жалпы келіп түскен өтініштер арасынан қатысушыларды таңдайды.

Әр кезеңде 200 қатысушыдан болады. «Зерен-2019» лагерінде тұру және білім алу тегін. Бірінші кезең 3 – 11 шілде аралығында, екінші кезең 13 – 21 шілдеде; үшінші кезең 23 – 31 шілде аралығында өтеді.

Білікті сараптамалық қазылар қатысушылар жасаған жобаларды іріктейді. Үздік 30 жоба қаржыландырылады, жалпы жүлде қоры – 15 миллион теңге.

proxy.imgsmail.ru.jpg
Өзгелердің жаңалығы