Зеленскийдің әйелі ауруханаға жеткізілді

16 Маусым 2020, 15:15
1435
Бөлісу:
Зеленскийдің әйелі ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өткен аптада Елена Зеленскаяның коронавирус індетін жұқтырғаны  белгілі болды.Президенттің әйелі Елена Зеленская Киевтегі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады korrespondent.net.

Өткен аптада ПТР-тексеруден кейін бірінші ханымнан коронавирус індеті табылды. Қазір Елена Зеленскаяның диагнозы: COVID-19.Екіжақты полисегментарлы пневмониямен жатқан бірінші ханымның жағдайы орташа. ДН 0. Оттегінің дотациясын  қажет етпейді. Жағдайы тұрақты, - делінген хабарламада.

Президенттің жұбайы оқшаулауда, қазір дәрігерлердің бақылауында. Кеше өткізілген кезекті COVID-19 сынамасы Владимир Зеленский мен балаларында вирустың жоғын көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы