Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский Трампқа жаңа ұсыныстармен хат жолдады

19 Мамыр 2025, 00:32
816
Бөлісу:
 Shannon Stapleton/Reuters
Фото: Shannon Stapleton/Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трампқа қорғаныс-өнеркәсіп және сауда салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты жаңа ұсыныстар қамтылған хат жолдады. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Украина мен АҚШ арасындағы экономикалық серіктестікті жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысы Президент Трампқа қорғаныс-өнеркәсіп және сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде жаңа ұсыныстар жазылған хат жіберді, – делінген хабарламада.

Газета.Ru басылымының жазуынша, Зеленский бұл хатты Римде АҚШ вице-президенті Дж. Д. Вэнс және Мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен кездесуден кейін дайындаған.

Сол күні Вэнс пен Зеленский Ватиканда ақпан айында Ақ үйде болған пікірталастан кейін алғаш рет жүздескен. Кездесу барысында екі саясаткер күлімсіреп, қол алысты.

Сонымен қатар, The Guardian басылымы украиналық шенеуніктердің пікіріне сүйене отырып, АҚШ-тың белсенді қолдауы Ресеймен қақтығыс жағдайында Киев үшін өте маңызды екенін атап өтті. Басылымның дерегінше, Украина тіпті бейбіт келісім жасалып, бейтарап мәртебесі бекітілген жағдайда да Батыспен әскери ынтымақтастықты сақтауға мүдделі.

Өзгелердің жаңалығы