Өзбекстандағы Қазақстан жылы аяқталды

22 Желтоқсан 2019, 12:18
8871
Бөлісу:
Өзбекстандағы Қазақстан жылы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы жылының салтанатты жабылуына арналған Гала-концерт өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ташкент қаласындағы "Өзбекстан" халықаралық форумдар сарайында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Өзбекстан Республикасының вице-премьері Азиз Абдухакимовтің, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Бахтиёр Сайфуллаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Жылының салтанатты жабылуына арналған Гала-концерт өтті. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы жылының жабылуы аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті мен танымал Ә.Қастеев музейінің арнайы көшпелі көрмесін ұйымдастырған болатын, - делінген хабарламада. 
Концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзов, Медет Чотабаев, Ардақ Балажанова, Батыржан Мықтыбаев, Әлішер Кәрімов, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, "Салтанат" Мемлекеттік би ансамблі және халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы