Өзбекстанда табиғи газ, электр энергиясы мен бензиннің бағасы көтеріледі

31 Шілде 2019, 15:59
2574
Бөлісу:
Өзбекстанда табиғи газ, электр энергиясы мен бензиннің бағасы көтеріледі

Алматы, BAQ.KZ. Өзбекстанда 15 тамыздан бастап табиғи газ, электр энергиясы мен жанармай тарифтері 10-19%-ға өседі. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Өзбекстан үкіметінің сейсенбі күні қол қойған қаулысына сәйкес бағаларды өсіру қарастырылған.
Осы құжатқа сәйкес 15 тамыздан бастап АИ 80 бензинінің 1 литрі 4,5 мың сомды құрайды, қазір ол 4 мың сомға сатылуда. Ал дизель жанармайы – 5,4 мың сомға көтеріледі, оның қазіргі бағасы 4,8 мың сом. 

Елдегі ресми курс бойынша американың 1 доллары 8,6 мың сомға тең. Сондай-ақ, электр энергиясының бір киловаты 295 сомға көтеріледі, бұған дейін ол 250 сом болған. Ал табиғи газдың кубометрі 320-дан 380 сомға өседі.

Бұған дейін табиғи газ бен электр энергиясының бағасы 1 маусымнан бастап өсетіндігі хабарланған. Алайда Қаржы министрлігі үкіметтің бағаны көтеруді уақытша тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Өзбекстанда жанармай бағасы соңғы рет 2018 жылдың 16 қарашасында көтерілген.

Өзгелердің жаңалығы