Өзбекстанда 11 адам коронавирус жұқтырған

18 Наурыз 2020, 11:30
1177
Бөлісу:
Өзбекстанда 11 адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда 2100 азамат карантиндік бақылауда, ал коронавирус жұқтырғандар саны 11-ге жетті.

Бұл жөнінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нурмат Отабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігі.

Нурмат Отабековтың айтуынша, бүгінге дейін Өзбекстанда 7900-ден астам азамат карантинде болып, олардың 5700-і үйлеріне қайтқан. Қазіргі уақытта 2100 адам бақылауда. Олар Ташкент облысындағы демалыс орындары мен Ташкент қаласындағы ауруханада карантинге жатқызылған.

Қазіргі уақытта Өзбекстандағы коронавирус жұқтырған жандар саны 11-ге жетті. Соңғы рет 17 наурыз күні Дубайдан Ташкентке келген өзбекстандық азаматтан дерт анықталған.

Өзгелердің жаңалығы