Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

2 Тамыз 2019, 12:59
1501
Бөлісу:
Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтонда теннистен Citi Open ашық турнирі жалғасуда. 

Olympic.kz хабарлауынша, қазақстандық Зарина Дияс кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Турнирдің екінші айналымында Зарина әлемнің 35-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен жолыққан болатын. Аталған кездесу 6:4, 6:4 есебімен Диястың пайдасына аяқталды.  

Ширек финалда қазақстандық спортшы италиялық Камила Джорджимен кездеседі. 

Өзгелердің жаңалығы