Зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайына 17 тікұшақ дайын тұр

7 Сәуір 2021, 13:22
2035
Бөлісу:
Зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайына 17 тікұшақ дайын тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин айтты.

Мұз кептелісі тұрақты болатын учаскелерде, өзен арналарында мұзды қопсыту, ұсақтау сияқты алдын ала жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, өзендердегі мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында көлдері Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы аудандарында барлығы 119 жарылыс жұмыстары жүргізілді, оның барысында 18 тоннадан астам жарылғыш зат жұмсалды, - деді ол.
Рустамбек Амриннің айтуынша, Ақмола, БҚО, ШҚО, СҚО, Қарағанды және Павлодар облыстарында еріген суды сору, каналдарды тазарту, қорғаныс бөгеттерін нығайту және жер қаптарын төсеу, өзендерде мұзды кесу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
Су тасқыны жағдайын жедел бақылау үшін «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторинг деректері пайдаланылады. Су тасқыны қаупі бар учаскелердің өзен бассейндерін аэровизуалды тексеру тұрақты негізде жүзеге асырылады. Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының, ТЖМ Әскери бөлімдерінің, 10 мың адам және 1,8 мың бірліктен астам техникасы бар Ұлттық ұлан құралдары дайындыққа келтірілді, - деді ол.
Оның айтуынша, зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында кезекшілік режимінде «Қазавиақұтқару» АҚ 17 тікұшағы дайын тұр. Олар - МИ-8, 171 және КА-32 типті ауыр класты 5 борт, ЕС-45 типті орта класты 12 борт.


Өзгелердің жаңалығы