Заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды – Шымкент

19 Қаңтар 2021, 02:46
1682
Бөлісу:
Заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды – Шымкент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте ата-анасының қарауынсыз заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте «Таза қала» іс-шарасы аясында кезекті рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд барасында полиция департаментінің әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Арбат» демалыс аймағында заңсыз сауда-саттықпен айналысқан азаматтар мен ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтады. Тәртіп сақшылары анықталған жайттар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204 және 442-баптарымен әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, 2021 жылдың 13 ақпанына дейін созылатын іс-шараға департаменттің барлық кешенді күштері жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы