Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех жабылды

26 Қараша 2020, 19:47
1828
Бөлісу:
Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекетті кірістер комитеті хабарлады.

Мемлекеттік кірістер органдарымен 2017 жылы 6 миллион 400 мың литр, 2018 жылы-3 миллион 700 мың литр, 2019 жылы - 6 миллион 100 мың литр, ағымдағы жылдың 9 айында 320,2 мың литр мөлшерінде заңсыз алкоголь өнімдері анықталған.

Бұл ретте, алкоголь нарығына қатысушылар алкоголь өнімдерін реттеу саласындағы заңнаманың нормаларын бұзғаны анықталған (алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз және ілеспе жүкқұжаттарсыз сату, бекітілген бақылау маркаларынсыз сату).

Заңсыз алкоголь өнімдердің 23,6% шекарадан өту кезінде және 76,4% алкоголь өнімдерін сату объектілерінде анықталды. Сонымен бірге, Қырғызстан Республикасымен шекарада 23,8 мың литр мөлшеріндегі этил спирті және 14,5 мың литр арақ әкелудің жолы кесілді, – делінген хабарламада.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех таратылды: Алматы қаласы – 11, Алматы облысы – 4, Шымкент қаласы - 3, Түркістан облысы – 2, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарында – 1.

Өзгелердің жаңалығы