Заңсыз активтер. Ерікті қайтарған азаматқа қандай жеңілдік жасалады?

10 Қыркүйек 2024, 15:24
375
Бөлісу:
Заңсыз активтер. Ерікті қайтарған азаматқа қандай жеңілдік жасалады?
Фото: Арман Мухатов -архив

Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, активтерді қайтару жөніндегі заң былтыр Парламентте қабылданды. Заң нормалары 2023 жылдың 12-қыркүйегінде толығымен күшіне енді, содан бері жұмыс істеп келеді.

Биылдан бастап бейінді заңда белгіленген жаңа тетіктер мен қайтару тәсілдерін қолдана бастадық. Бұл жұмыста активтерді заңды айналымға тарту арқылы Қазақстан халқының игілігі үшін еліміздің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі заңды қабылдау мақсаттарын қатаң ұстанып отырмыз, - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Комитет төрағасының сөзінше, заңның негізгі қағидаттарының бірі азаматтарды ерікті түрде қайтаруға ынталандыру.

Ерікті қайтарудың артықшылығы - субъект мүлкінің бір бөлігін өзінде сақтап қала алады. Сонымен қатар, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға тікелей әсер ететін елге қажетті жобаларды іске асыра алады. Ең бастысы - қаражаттың Қазақстанда жұмыс істеуі, салықтың осында төленуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Сондай-ақ ерікті түрде қайтару кезінде субъект бірқатар құқықтық мүмкіндіктер мен кепілдіктер алады, соның ішінде жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Комитет жұмыс істеп жатқан адамдардың көпшілігі ынтымақтастық пен ерікті түрде қайтару рәсімдеріне өздері бастама жасап отыр, - дейді Сүйіндіков.

Еске салсақ, заңсыз активтерді қайтару тетіктері қайта қаралатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы