Заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін биоотын өндірісі саласында не өзгерді

28 Желтоқсан 2022, 14:06
1049
Бөлісу:
Заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін биоотын өндірісі саласында не өзгерді

Соңғы жылдары крахмал өнімдері, желімтек және биоэтанол сияқты қосылған құны жоғары астықты терең өңдеу өнімдеріне ішкі және сыртқы нарықтарда сұраныс жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астықты өңдеудің әрбір кезеңі - бұл еліміздің аграрлық кешенін одан әрі дамыту үшін қосымша табыс пен қаражат болып есептеледі. Мұны кәсіпкерлер де түсінеді, бүгінгі таңда бизнес биоотын өндіру жобаларына қызығушылық танытып жатыр, олар пеллет отыны,  түйіршіктер, биодизель және биоэтанол. 

2022 жылғы 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Оның ішінде құжат биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Атап айтқанда, түзетулерде «биоэтанол» ұғымы кеңейтілді. Себебі бұл мәселе астықты терең өңдеу өнімдерін өндіруді дамыту үшін өзекті болып табылады. Биоэтанолды отынның құрамдас бөлігі ретінде пайдаланумен қатар, түзетулер қабылданғаннан кейін оны химия және онымен байланысты салаларды өндіру үшін пайдалануға болады. 

Сондай-ақ, биоотын өндірісіне мониторингті жүзеге асыру мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда әкімдіктеріне биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты беру жөніндегі нормалар енгізілді. Сондай-ақ химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілер үшін биоотынды сақтау бөлігі толықтырылып, химиялық және онымен байланысты салалардың өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын өнеркәсіппен айналысатын тұлғаларға биоотынды өткізуге тыйым салынды. 

Өзгелердің жаңалығы