Заңгер: Елдің амандығын сақтап қалуда нақты қадамдар жасалып жатыр

8 Қаңтар 2022, 13:25
2596
Бөлісу:
Заңгер: Елдің амандығын сақтап қалуда нақты қадамдар жасалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының орынбасары Сағидолла Баймұрат елді Президентке қолдау көрсетуге шақырды.

Қазіргі таңда болып жатқан нәрселерге ел болып қалай жауап береміз - сол біздің халқымыздың болашағын шешеді. Ең басты факт - елдің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің амандығын тұрақтылығын сақтап қалуда нақты қадамдар жасап жатыр. Еліміздің Конституциясының 40-бабына сәйкес Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Сондықтан ел болып жұмылып, президентке қолдау көрсетуіміз керек, - деді заңгер.

Өзгелердің жаңалығы