Заңға енгізілетін жаңа түзетулер жол құрылысшыларын өз біліктілігін арттыруға міндеттейді

25 Қараша 2022, 21:07
859
Бөлісу:
Заңға енгізілетін жаңа түзетулер жол құрылысшыларын өз біліктілігін арттыруға міндеттейді

«Kaztraffic-2022» 18-ші халықаралық көрмесінде «Жол құрылысындағы жаңа технологиялар» конференциясы аясында сарапшылар жол саласына қатысты бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз кезегінде автожол саласының маманы Нұрлан Нұғыманов жоғары білім беру барысында автожол құрылысының маңыздылығы туралы сөз қозғады.

Отандық жоғары оқу орындарында автожол мамандығының болмауы жолдарды жобалау, одан әрі олардың құрылысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Білім алушылар тек жақсы оқып қана қоймай, оқу орнын аяқтаған кезде маман болып шығуы керек. Сондықтан жас маманның 2 жыл көлемінде тәжірибе алғаны жөн, – дейді Нұрлан Нұғыманов.

Бүгінгі таңда бұл мәселемен «ҚазжолҒЗИ» сарапшылары айналысып жатқанын айта кеткен жөн. Институт заң жобасына өз ұсыныстарын енгізіп, оған сәйкес автожол мамандары өз біліктіліктерін арттыруға міндетті болады.

Біз жол саласы мамандарының біліктілігін арттыру міндетін заңнамалық деңгейде бекітуді қалаймыз. Дайындалып жатқан заң жобасына тиісті ұсыныстар енгізілді. Дамыған елдерде компания қызметкерлерінің біліктілігі олардың беделіне, рейтингіне және басқа да факторларға әсер етеді. Қазақстанға да осындай жүйе қажет, – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева.

Ғылыми институт еліміздің жоғары оқу орындарымен бірқатар меморандумға қол қойды. Осылайша, «ҚазжолҒЗИ» арқылы қазақстандық студенттер нақты зертханалар мен учаскелерде тәжірибе жинай алады. Сонымен қатар мамандар автожол құрылысының әрбір бағыты үшін оқу бағдарламасын дайындауда.

Өзгелердің жаңалығы