Заң қағидалары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді – Аймағамбетов

30 Тамыз 2021, 10:01
6978
Бөлісу:
Заң қағидалары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Министр құттықтау сөзін Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын! Конституция әрбір азаматтың құқықтары мен бостандығының мүлтіксіз сақталуына кепілдік береді. Заң қағидалары алға жылжуымызға, ауқымды жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мереке күні баршаңызға амандық, бейбіт аспан, барлық бастамаңызға толағай табыс тілеймін! Халқымыздың заң үстемдігіне ұмтылысы әрқашан зор болсын!, – деп жазды Аймағамбетов.
Еске сала кетейік, биыл ҚР Конституциясына 26 жыл толып отыр.
Өзгелердің жаңалығы