Забине дауылы Еуропаны әлекке салды

11 Ақпан 2020, 06:21
1627
Бөлісу:
Забине дауылы Еуропаны әлекке салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда теміржол қозғалысы шектелді, бірнеше аймақта мектептегі сабақ тоқтатылды. Польшада әуе рейстері кейінге қалып, үйлер қирады.

Забине дауылы Еуропаны әлекке салды. Әсіресе Польша мен Германияда қатты жел салдарынан зардап шеккендер көп. 
Bild басылымының хабарлауынша, Германияның солтүстік және орталық бөлігінде теміржол қозғалысы тоқтады. Deutsche Bahn операторы қалааралық қозғалысты дүйсенбі сағат 10-ға дейін шектеді. Теміржол басшылығы тәулік бойы пойыздардың кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Саарбрюккен қаласында екі адам қатты зардап шекті. Олардың үстіне ағаш құлап, біреуі ауыр халде жатыр. Құлаған ағаштың салдарынан Солтүстік Рейн-Вестфалия және Төмен Саксониядағы автокөлік жолдары жабылды.

Польшада Үкіметтік орталық қауіпсіздік директорының орынбасары Гжегож Свищтің айтуынша, дауыл салдарынан көптеген үй қирап, адамдар жарықсыз қалған.

Қатты желдің салдарынан таңғы сағат 7-ге дейін Мемлекеттік өрт қызметі ел территориясы бойынша 11 мыңнан астам қоңырау қабылдады. 15 үй зардап шекті. Олардың үшеуі – жекеменшік үй. 55 мың адам электрсіз қалды, – деді Свищ.
Сонымен қатар Польшаның әуежайларынан Германия, Нидерланд, Бельгия және Францияның бірнеше қаласына әуе рейстері тоқтатылды.
Өзгелердің жаңалығы