Заңгерлер әзербайжандық әріптестерімен кездесті

28 Қараша 2019, 07:29
16778
Бөлісу:
Заңгерлер әзербайжандық әріптестерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың бастап баруымен қазақстандық делегация Бакуде болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияның құрамында мамандандырылған сот алқасының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты, жоғарғы сот департаментінің басшысы және Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болды.

Жұмыс бабындағы сапар халықаралық ынтымақтастық жөніндегі  Герман қоғамының (GIZ), атап айтқанда,  "Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу" GIZ бағдарламасының Қазақстандағы директорының және ұлттық үйлестірушісінің  қатысуымен болды.

Ж.Асанов Әзербайжан жоғарғы сотының төрағасы Рамиз Рзаевпен және құқықтық саясат және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитеттің төрағасы Милли Меджлис Али Гусейнлимен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында жоғарғы сот төрағасы  мемлекеттер арасындағы қатынастарды дамытудың оң дамуын атап өтті, екі елдің сот аргандары арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді, - делінген хабарламада. 
Әзербайжан тарапы Қазақстанның сот жүйесіндегі негізгі өзгерістермен таныстырылды. Әңгіме судьялыққа кандидаттарды іріктеуді қатаңдату, судьялардың кәсіптік қызметіндегі жаңа әдістерді, сот актілерінің жаңа форматын және шешімнің жарияланғаннан кейінгі мәнін түсіндіру практикасын енгізу жөнінде өрбіді. Бірыңғай сот практикасын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, азаматтарды қабылдау және соттан тыс татуластыру орталықтарының, татуластырушы-судьялардың, отбасылық және түнгі соттардың,  фронт-офистердің жұмысы атап өтілді.

Тәжірибе алмасудың тиімділігін тілге тиек ете келіп, Ж.Асанов жария-құқықтық дауларды қарау, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты және соттарға түсетін жүктеменің азайтылуын қамтамасыз етуде басымдық берілетін бағыттар ретінде татуластыру рәсімдерін қолдану тәсілдерін зерделеуге деген қызығушылықты атап өтті.

Әзербайжан ЖС төрағасы өз кезегінде  өзара тиімді әріптестік қазақстандық-әзірбайжандық қатынастарды нығайта түсуге қызмет ететін ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттілігін тілге тиек етті. Ол сондай-ақ әкімшілік әділетті қалыптастыру, заманауи сот инфрақұрылымын жасау, судьяларды іріктеу және  жаңа электрондық жүйелерді пайдалану саласында қазақстандық әріптестермен тәжірибе бөлісуге әзір екендігін білдірді.

Сапар аясында қазақстандықтар  әкімшілік-экономикалық және апелляциялық соттарда, адвокаттар алқасында болды, онда ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жекелеген аспектілерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға екіжақтан да әзір екендіктерін растады.

 

Өзгелердің жаңалығы