Қызылордада індет жұқтырғандардың саны 131-ге жетті

16 Сәуір 2020, 10:16
1104
Бөлісу:
Қызылордада індет жұқтырғандардың саны 131-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Науқастардың барлығы  Қызылорда қаласынан анықталды. 
Ауру жұқтырғандардың екеуі 40  жастан асқан әйел адамдар, қалған  екеуі 24 және 54 жастағы ер адамдар. Науқастар коронавирустық инфекциямен ауырған адамдармен байланыста болып жұқтырған. Зертханалық сынамалар алынып,  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр, – делінген хабарламада.

16.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 131-ге жетті.

Оның ішінде емделіп шыққандар саны-4, ем қабылдап жатқандар саны-127


Өзгелердің жаңалығы