Қызылорда – Анталия бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

30 Қаңтар 2019, 19:05
3188
Бөлісу:
Қызылорда – Анталия бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың маусым айынан бастап «B&K Aero» авиакомпаниясының Boeing 737 әуекемесімен «Қызылорда - Анталия» бағытындағы халықаралық чартерлік әуерейсі ашылады деп жоспарлануда.

Бұл туралы kyzylorda-news.kz облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап мәлімдейді.

Қызылордадан Анталияға дейін аптасына 1 рет, 4 сағат 40 минут ұшады.

Сонымен қатар Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тарифтерді төмендету туралы хат жолданған.

«Хатта Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарына, атап айтқанда Көкшетау және Өскемен қалаларына республикаішілік әуе рейстерін басқа әуекомпаниялардың қатысуымен ашуға қызығушылықтар туындап отырғандығы аталып өтті», - делінген басқарманың ресми таратқан ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы