Ювентус бапкері Роналдудың клубтан кететінін айтты

27 Тамыз 2021, 18:50
8878
Бөлісу:
Ювентус бапкері Роналдудың клубтан кететінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туриндік Ювентустың шабуылшысы Криштиану Роналду клубтан кетуді ұйғарды.

Бұл туралы футбол трансферлеріне маманданған италиялық журналист Фабрицио Романо twitter-дегі парақшасында жазды.

Расталды. Криштиану Роналду Ювентустан кетуге түпкілікті шешім шығарды және клуб басшылығынан оны босатуын сұрады, - деп жазды ол.

Сонымен қатар Ювентустың бапкері Массимилиано Аллегри оның нақты кететінін айтты.

Мен кеше Криштианумен сөйлестім. Ол Ювентуста қалғысы келмейтінін айтты. Ол бүгін таңертең жаттығуға келмеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы