Юрий Ильин: Елімізде 440-қа жуық өрт сөндіру бекеті құрылды

23 Желтоқсан 2021, 13:09
1340
Бөлісу:
Юрий Ильин: Елімізде 440-қа жуық өрт сөндіру бекеті құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Табиғи өрттерді уақытылы сөндіру үшін 441 өрт сөндіру бекеті құрылды. 

Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин брифинг барысында айтты.  

Оның айтуынша, табиғи өртті уақтылы сөндіру үшін әкімдіктермен бірлесіп құрылған 441 өрт сөндіру бекетінде мамандандырылған қызметтер жоқ. Онда 43 мыңға жуық адамнан тұратын 4 мыңнан астам ерікті құралымдар, 8 мыңнан астам техника бар.  

Өрт қауіпті кезеңі басталғанға дейін қажетті құрал-жабдықтар топтамасы бекітілді, бұл шамамен 43 мың адам, 9 мың техника, су ағызатын құрылғылары бар 10 тікұшақ, 46 пойыз. Қабылданған шаралар дала өртінің көрсеткішін 11,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар есепті кезеңде 749 орман өрті және 4 мыңнан астам жану тіркелді. Әкімдіктермен қосымша 210 өрт сөндіру бекетін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды, - деп хабарлады ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы