Әлемнің 38-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
азақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда америкалық спортшы 7:5 есебімен басым түсті. Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:3.
Бір сағат 23 минутқа созылған кездесуде Киз 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Ю. Путинцева эйс те, брейк те жасай алған жоқ.
М. Киз екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ол осының алдында Торонто жарысының финалына дейін жеткен бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны тізе бүктірді – 6:4, 6:4.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналым кезінде рейтингіде көш бастаған испаниялық Гарбинье Мугурусамен кортқа шығады.